«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелетін шара емес. Бұл – әр азаматтың туған жеріне деген құрметі мен жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды бастама деп ойлаймын. Құрманғазы ауданында ұйымдастырылып жатқан тазалық жұмыстарының арқасында ауылдардың келбеті көркейіп, тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасы өзгере бастады.
Әр адам өз ауласының, өз көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, ауданымыздың да, еліміздің де ажары арта түседі. Осындай акциялар әсіресе жастарға үлкен үлгі береді. Олар тазалықтың тек бір күндік емес, күнделікті өмір салты болуы керектігін түсінеді. Меніңше, табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы азаматтық борышымыз. Сондықтан мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, барша тұрғын белсенді атсалысса екен деймін.
Жанна ҚАЙЫРҒАЛИЕВА

