«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау ғана емес, әр азаматтың туған жеріне деген жанашырлығын қалыптастыратын маңызды бастама.
Тазалықты сақтау – өз ауламыздан, көшеден, айналамыздан басталады. Табиғатты аялау, қоқысты бей-берекет тастамау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу – баршамызға ортақ міндет.
Таза ауыл, таза қала – өзіміздің мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрінісі. Әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, қоршаған ортамыз көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі жайлы мекен қалдырамыз.
Тазалық – тәртіптің бастауы, табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық!


