Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейді. Таза әрі ұқыпты орта да өңірдің мәдениеті мен тұрғындардың өмір сүру сапасын көрсетеді. «Таза Қазақстан» акциясы осы құндылықтарды дәріптеп, әр азаматтың жауапкершілігін арттыруға ықпал етіп отыр. Біз де өз ұжымымызбен қоғамдық тазалық шараларына тұрақты қатысып, айналаны абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсетеміз. Осындай ортақ іске тұрғындар, жастар және кәсіпкерлер бірлесіп атсалысса, еліміздің әр өңірі бұрынғыдан да көркейіп, жайлы мекенге айналары сөзсіз.
Бекзат БЕКЕЖАНҰЛЫ
Фото: "egemen.kz"

