Таза орта инвестицияны да тартады

(0 Votes)

 

Көп жағдайда тазалық мәселесі тек экология тұрғысынан қарастырылады. Алайда сарапшылардың пікірінше, елді мекеннің тазалығы оның экономикалық тартымдылығына да әсер етеді.

Көрікті әрі таза аймақтар инвесторлар үшін де, туристер үшін де қолайлы болып саналады. Таза көшелер мен реттелген қоғамдық кеңістіктер өңірдің дамуына оң ықпал етеді. Бұл әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде дәлелденген.

Сондықтан тазалыққа жұмсалған әрбір күш-жігерді тек сенбілік немесе науқан ретінде емес, өңірдің болашағына салынған инвестиция ретінде қарастыру қажет.

— Нұршат Абайқызы, журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT