Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі!

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Көшелерді, саябақтарды, қоғамдық орындар мен ауыл-аймақтарды таза ұстау тек арнайы мекемелердің міндеті емес, баршамызға ортақ парыз. Сондықтан әр адам тазалықты өз үйінен, ауласынан және күнделікті өмірінен бастауы қажет.

Қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау секілді игі істер туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосады. Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды үйрету – баршамыздың міндетіміз.

Тазалық бір күндік шарамен шектелмеуі тиіс. Ол әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналғанда ғана нәтижелі болады. Туған жерімізді таза ұстап, табиғи байлығымызды қорғау арқылы келешек ұрпаққа көркем де таза Қазақстан қалдыра аламыз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT