«Таза Қазақстан»-тазалық пен тәртіптің бастауы

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Туған өлкеміздің таза әрі көрікті болуы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді қатысуымыз қажет. Тазалықты сақтау тек сенбілік өткізумен шектелмейді, ол күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Әр адам өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі. Таза ауыл мен таза қала – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар арқылы келешек ұрпаққа таза табиғат пен әсем мекен қалдыра аламыз. «Таза Қазақстан» акциясы барша жұртты бірлікке, жауапкершілікке және табиғатты аялауға үндейді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT