«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Акцияның басты мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тазалықты сақтауға шақыру.
Акция аясында айналаны қоқыстан тазарту, көшелер мен аулаларды ретке келтіру, ағаштар сияқты игі істер атқарылуда. Осындай шараларға қатысу арқылы әрбір азамат табиғаттың тазалығына өз үлесін қоса алады.
Таза қоршаған орта – денсаулық кепілі әрі жарқын болашақтың негізі. Сондықтан тазалықты сақтау тек акция кезінде ғана емес, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы қажет.
Біз туған жерімізді таза ұстап, табиғатты қорғау арқылы келешек ұрпаққа көрікті де таза Қазақстан қалдыруға үлес қосамыз. Тазалық әр адамның өзінен басталады!


