Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаның тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Менің ойымша, туған жердің тазалығын сақтау әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы біз келешек ұрпаққа көрікті де жайлы орта қалдырамыз. Табиғатқа жанашырлықпен қарау тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс табуы қажет.

Осындай игі бастамаларға белсенді қатысу арқылы әрқайсымыз қоршаған ортаның жақсаруына үлес қоса аламыз. Таза ауыл мен таза қала – мәдениетті қоғамның белгісі. Сондықтан табиғатты аялау, тазалықты сақтау және айналамызға үлгі болу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бралиева Гүлдана

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT