«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарына белсенді қатыстым.
Іс-шара барысында аумақты қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтіруге өз үлесімді қостым. Бұл акция қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Әр адам өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміздің көркейіп, таза болуына үлес қосады.


