«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға үндейтін маңызды бастама.
Аула мен көшені таза ұстау, ағаш отырғызу, табиғатқа жанашырлық таныту – болашақ ұрпаққа жасалған игі іс.
Тазалық мәдениеті әр адамның өзінен басталады. Бірігіп атқарған әрбір игі іс туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосады. Сондықтан табиғатты аялап, айналамызды таза ұстауға әрдайым атсалысайық!

