«Таза Қазақстан» акциясына қатысу арқылы әр адам қоршаған ортаның тазалығына өз үлесін қоса алады.
Сенбілік кезінде көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Бірлескен еңбек нәтижесінде айнала көркейіп, адамдардың көңіл-күйі де көтерілді.
Тазалықты сақтау — баршамызға ортақ міндет.


