Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік

(0 Votes)

Менің ойымша, “Таза Қазақстан” акциясы – табиғатты аялауға шақыратын, қоғам үшін қажет бастамалардың бірі. Ауыл жағдайында мұндай шаралардың маңызы тіпті жоғары, себебі қоршаған ортаның тазалығы тікелей тұрмыс сапасына әсер етеді. Бұл акция адамдарды тек тазалыққа ғана емес, жауапкершілікке, бір-біріне үлгі болуға үйретеді деп санаймын. Кейде қарапайым қоқысты дұрыс жерге тастау сияқты ұсақ көрінетін әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске бастау бола алады. Осындай бастамалар арқылы тұрғындар табиғатқа бейжай қарамай, ортақ игілік үшін біріге түседі. Жалпы, әр адам өзінен бастап тазалыққа мән берсе, ауылымыз да көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасары анық.

 

Ақбота Жалғауова, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT