Бөкейхан ауылдық округінде өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жалпы ауылдық сенбілік тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің жарқын көрінісіне айналды.
Ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер бір мақсатқа жұмылып, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарын тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ауылымыздың тазалығы мен көркіне тағы бір қадам жасалды. Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың мәдениеті мен жанашырлығының өлшемі. Осындай игі бастамаға қолдау білдіріп, белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына және Бөкейхан мәдениет үйінің, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің, «Айгерім» бөбекжай-балабақшасының, Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Котяев дәрігерлік амбулаториясының, Қазпошта бөлімшесінің, ҚазАвтоЖол мекемесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің кіші катерлер тобының, Құрманғазы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №15 өрт сөндіру бекетінің ұжымдарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Осындай ауызбіршіліктің арқасында ауылымыз күн сайын көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айнала түседі.
Әрбір егілген ағаш, жиналған қоқыс, тазаланған көше – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі. Таза Қазақстан – өзімізден басталады! Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!
Құрметпен Бөкейхан ауылдық округ әкімі аппараты.


