«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Тазаршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін келтіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көшелерді, саябақтарды, қоғамдық орындарды және аулаларды таза ұстау – табиғатқа деген жанашырлықтың, елге деген құрметтің айқын көрінісі.
Сондықтан бұл бастамаға белсенді қатысу – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға және келешек ұрпаққа таза әрі көрікті қоршаған орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» акциясы тек сенбілік өткізумен шектелмейді, ол тұрғындарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тұрмыстық қалдықтарды ретсіз тастамауға және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға тәрбиелейді.

