«Таза Қазақстан» — ортақ іске айналған бастама

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы біздің аудан тұрғындарын бір мақсатқа жұмылдырған маңызды бастама болды деп ойлаймын. Соңғы сенбіліктер кезінде ауыл-аймақтың тазаланып, көшелердің ретке келтірілгенін көріп, халықтың белсенділігіне риза болдым. Бұрын тек коммуналдық мекемелердің жұмысы сияқты көрінетін тазалық мәселесіне қазір қарапайым тұрғындар да жауапкершілікпен қарай бастады.

Әсіресе жастар мен үлкендердің бірге еңбек етіп жүргені қуантады. Бірі ағаш отырғызса, енді бірі қоқыс жинап, айналаны абаттандыруға атсалысып жүр. Осындай шаралар адамдарды ұйымшылдыққа тәрбиелейді деп есептеймін. Таза көше, таза аула — ең алдымен өзіміз үшін қажет.

Меніңше, бұл акция бір күндік сенбілікпен шектелмеуі керек. Әр адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, ауданымыз бұрынғыдан да көркейе түседі. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлық таныту — баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сымбат ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, аудан тұрғыны

Фото: "magnific"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT