«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды акция.
Туған жеріміздің табиғатын сақтау, көшелеріміз бен қоғамдық орындарымызды таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай шаралар адамдарды бірлікке шақырып, ортақ мақсат жолында біріктіреді. Табиғатты қорғау тек бір күндік шарамен шектелмеуі керек, ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Біз таза қоршаған орта арқылы болашақ ұрпаққа көркем де көрікті Қазақстан қалдыруымыз керек. Еліміз көркейіп, табиғатымыз әрдайым таза болсын!


