«Таза Қазақстан» – келешек ұрпаққа ортақ аманат

(0 Votes)

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарды сақтау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, болашақ алдындағы да маңызды міндеті. «Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған. Бұл бастама әрбір адамды туған жерінің тағдырына бейжай қарамай, ел игілігі үшін нақты іс жасауға шақырады.

Таза табиғат – денсаулық кепілі, ал көрікті елді мекен – тұрғындардың өмір сүру сапасының көрсеткіші. Сондықтан әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарап, табиғатты ластамауға атсалысуы қажет. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойына тазалықты сақтау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және қоғамдық жауапкершілік қасиеттерін сіңіру маңызды. Табиғатты қорғау – бір күндік жұмыс емес, үздіксіз жалғасатын ортақ іс. Баршамыз бірлесе әрекет етсек, келешек ұрпаққа таза әрі көрікті Қазақстанды аманат ете аламыз!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT