Қоршаған ортаның тазалығы – адам өмірінің сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды табиғатты қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейді.
Тазалық жұмыстарына белсенді қатысу – туған жерге деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Бір тал отырғызу, бір аумақты қоқыстан тазарту немесе айналаға қоқыс тастамау сияқты қарапайым істердің өзі үлкен нәтижеге бастайды деп есептеймін.
Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты аялауды үйрету маңызды. Себебі бүгінгі таза орта – балаларымыздың ертеңгі жарқын болашағы.
Табиғатты қорғайық, туған жерді таза ұстайық!
Бейбіт Диас


