«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Азғыр ауылдық округіне қарасты Балқұдық ауылында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Абай көшесі бойында орналасқан округ әкімінің ғимараты қоршауының ішіндегі арам шөптер шабылып, аумақ толықтай ретке келтірілді. Сонымен қатар ауыл көшелері бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналып, қоғамдық орындардың санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.
Тазалық жұмыстары ауылдың көркеюіне, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталды. Мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, әрбір азаматтың туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыру жоспарлануда.

