«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін тазалық жұмыстарының маңызы зор. Бұл бастама еліміздің әрбір азаматын қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғи ресурстарды қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады.
Акцияға қатысу арқылы біз туған жеріміздің тазалығына үлес қосып қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді де арттырамыз. Әсіресе, жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы олардың табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастырады. Қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаштарды күтіп-баптау және қоғамдық орындарды таза ұстау — әрқайсымыздың міндетіміз.
Еліміздің көркейіп, қалаларымыз бен ауылдарымыздың таза болуы өз қолымызда. Бірігіп атқарған еңбегіміз арқылы қоршаған ортаны жақсарта аламыз.
Тазалық — әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі!


