«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шортанбай ауылдық округінде кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке округ аумағында орналасқан мекемелер ұжымдары белсенді қатысып, ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Акция барысында көшелердің бойы, қоғамдық орындар, мекеме аумақтары, арамшөптер шабылып, айнала абаттандырылды.
Кезекті өтуен сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барлық мекеме ұжымдарына шынайы алғыс білдіреміз.
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты

