«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық – тек көшені қоқыстан тазарту емес, ол әр адамның өзінен басталатын мәдениет пен жауапкершілік. Табиғатты аялау, қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу және қоғамдық орындарды таза ұстау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Менің ойымша, еліміздің таза әрі көрікті болуы әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Егер әр адам «тазалықты өзімнен бастаймын» деген қағиданы ұстанса, Қазақстанымыздың экологиялық жағдайы да жақсара түседі. «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды бірлікке шақырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Сондықтан бұл бастаманы қолдап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауымыз қажет.
Гүлдана Серікбайқызы


