«Таза Қазақстан» – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды акция.
Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Біз қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды аманат етеміз. Табиғатты аялау тек бір күндік шара емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Осындай игі бастамалар арқылы еліміздің тазалығына, көркеюіне өз үлесімізді қосамыз.


