Ата-бабамыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаған. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың парызы. «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырып келеді. Соңғы уақытта көшелердің, саябақтардың және қоғамдық орындардың тазарып, көркейіп келе жатқанын байқап жүрміз. Осындай игі бастамалар тұрақты түрде жалғасын тауып, жастарға үлгі болса екен деймін. Өйткені таза ел – келер ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұралардың бірі.
Қамариша ӨТЕБОЛАТ
Фото: "inform.kz"

