«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары қоғам үшін үлкен маңызға ие. Аула-көшелерді тазалау, қоқыстарды жинау, қоршаған ортаны ретке келтіру – барлығымызға ортақ міндет.
Мұндай игі шаралар тұрғындарды бірлікке шақырып қана қоймай, жастарға табиғатты аялаудың маңызын үйретеді. Әр адам өз ауласынан бастап тазалыққа үлес қосса, бүкіл елді мекеніміз таза әрі көрікті болары сөзсіз.
Ақмарал Оразғалиева


