Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Сафон ауылында жалғасын тапты.
Акцияға партия мүшелерімен қатар ауыл тұрғындары да белсенді қатысып, ауылдың орталық саябағы мен көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар саябақ аумағындағы шөптерді шауып, көше бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Тазалық іс-шарасына «Сафон» бастауыш партия ұйымының төрағасы Балжеміс Камзаева мен партия белсенділері қатысты. – Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Тазалық тек сенбіліктермен шектелмейді, оны күнделікті өмір салтына айналдыру қажет, – деді Балжеміс Камзаева.
Экологиялық акцияға 25-тен астам адам қатысып, нәтижесінде саябақ аумағы ретке келтіріліп, көшелер тазартылды.

