Ауылдың көркі тек табиғатымен емес, тұрғындарының ұйымшылдығы және тазалыққа деген жауапкершілігімен де бағаланады. Күтімді көшелер мен таза аулалар ауылдың сәнін келтіріп қана қоймай, жастарға жақсы үлгі болады.
Туған жерді таза ұстау – үлкен еңбекті емес, тұрақты жауапкершілікті талап етеді. Әр адам өз үйінің маңынан бастап тазалыққа көңіл бөлсе, ауылдың келбеті де өзгере түседі.
Ортақ іске атсалысу – ауыл тұрғындарының бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
— Нұрсәт Нұрдаулетұлы, аудан тұрғыны

