«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Аулалар мен көшелерді тазарту, абаттандыру және қоршаған ортаны қоқыстан қорғау – баршаға ортақ іс.
Әр тұрғын өзінен бастап, айналасын таза ұстаса, елді мекеніміз де көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Сондықтан туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, игі бастаманы бірге қолдап, белсенділік танытайық!


