Үйіміздің ішін таза ұстауға тырысамыз. Ал есіктің ар жағындағы аулаға келгенде кейде жауапкершілікті басқа біреуге қалдырамыз. Негізінде, аула да – ортақ үйіміздің бір бөлігі. «Таза Қазақстан» бастамасы осыны тағы бір еске салды. Өз подъезін, ауласын, көшесін таза ұстаған тұрғын қаласының да көркеюіне үлес қосады. Тазалықты біреуден күтпей, өзімізден бастасақ, өзгеріс те жақын болады.


