28–30 шілде аралығында республика аумағында «Тасымалдаушы» жедел-
профилактикалық іс-шарасы өтті. Осыған байланысты Құрманғазы ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Жол сақшылары республикалық маңызы бар тасжолдарда және аудан аумағындағы көшелерде қызмет етіп, олар жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылап, қоғамдық көлік жүргізушілерімен қатар өзге де жол қозғалысына қатысушылардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.


