«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға Орлы ауылдық округіне қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.


