Табиғатты қорғау - бәріміздің ортақ ісіміз

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» – барша халықты ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды экологиялық бастама. Туған жердің тазалығы мен көркейуі әрқайсымыздың оған деген жанашырлығымыздан басталады. Өз ауламызды, мектебімізді, көшелерімізді таза ұстау арқылы біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

Бұл бастаманың тағы бір маңызды тұсы – адамдардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруы. Таза әрі әдемі орта адамның көңіл-күйіне де, денсаулығына да оң әсер етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау тек арнайы акция кезінде емес, күн сайын орындалуы тиіс. Әр азамат өзінен бастап, айналасына үлгі көрсетсе, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мемлекетке айналады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT