«Таза Қазақстан» республикалық акциясы – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаны қорғау бір күндік сенбілікпен аяқталмайды. Ең бастысы – әр адамның табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу, су көздерін қорғау сияқты жұмыстардың маңызы артып келеді. Осындай акциялар арқылы қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігі күшейеді. Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың кепілі.
Әділет АМАНГЕЛДІ

