Табиғатты қорғау – болашақты қорғау

(0 Votes)

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың болашағы үшін де маңызды міндеттердің бірі.

Табиғаттың тазалығын сақтау әрбір адамның белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты. Қоқысты белгіленген орындарға тастау, оны сұрыптау, су мен электр энергиясын үнемдеу, ағаш отырғызып, жасыл желекті көбейту сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді.

«Таза Қазақстан» бастамасы халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Әсіресе өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіріп, оларды тазалыққа тәрбиелеу қажет. Өйткені бүгінгі сақталған табиғат – ертеңгі ұрпаққа қалатын баға жетпес байлық.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT