Экологиялық мәселелер бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Осындай кезеңде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың маңызды міндетіне айналуда.
Туған жердің табиғатын қорғау үлкен қаржыны емес, саналы көзқарасты талап етеді. Қоқысты арнайы орынға тастау, ағаштарды күтіп-баптау, қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады.
Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі ұрпаққа қалатын таза табиғаттың кепілі.
— Нұртілеу Жеделбаев, аудан тұрғыны

