Экологиялық мәселелер бүгінде әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып отыр. Сондықтан табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың саналы таңдауы болуы керек.
Тазалық мәдениеті қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты арнайы орынға тастау, жасыл желекті қорғау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – табиғатты сақтауға қосылған нақты үлес. Осындай жауапкершілік қоғамда кеңінен қалыптасқанда ғана қоршаған ортаның сапасы жақсарады.
Туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтау – әрқайсымыздың ортақ парызымыз.
— Нұрайна Таңатар, аудан тұрғыны


