Табиғат – біздің ортақ байлығымыз

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.

Бұл бастама адамдарды бірлікке, жауапкершілікке және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Акция аясында аумақтарды қоқыстан тазарту, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай игі істер еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосады. Табиғат – біздің ортақ байлығымыз, сондықтан оны қорғау әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. «Таза Қазақстан» акциясы баршамызды туған жерімізді сүюге, тазалықты сақтауға және келер ұрпаққа таза, жасыл әрі көрікті ел қалдыруға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT