“ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына орай, Бөкейхан ауылдық мәдениет үйі қызмектерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жолдары талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.

