Суицидтің алдын алу – адам өмірін сақтау

(0 Votes)

Адам өмірі – баға жетпес құндылық. Сондықтан суицидтің алдын алу және қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Кейде адам ішкі жан күйзелісін ашық айта алмай, өз мәселесімен жалғыз қалуы мүмкін. Осындай сәттерде жақындарының түсіністігі, жылы сөзі мен қолдауы үлкен рөл атқарады. Әрбір адам айналасындағы адамдардың көңіл күйіне назар аударып, олардың мәселесіне бейжай қарамауы керек. Егер адам өмірден түңіліп, үмітсіздік танытса, оны кінәламай тыңдап, психолог маманға немесе тиісті көмек қызметтеріне жүгінуге қолдау көрсету қажет. Бір ауыз жылы сөз бен дер кезінде көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Өмірді бағалайық, бір-бірімізге қамқор болайық!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT