Жаңа Конституция жобасында сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылуы – қоғам үшін аса маңызды қадам. Әділ сот – құқықтық мемлекеттің басты тірегі. Егер сот жүйесі ашық әрі тәуелсіз жұмыс істесе, азаматтардың заңға деген сенімі артады деп ойлаймын.
Соттардың шешім қабылдаудағы дербестігін қамтамасыз ету, судьялардың жауапкершілігін күшейту және сот процесінің ашықтығын арттыру – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі алғышарттары.
Бұл өзгерістер әр адамның өз құқығын заң аясында қорғауына мүмкіндік береді.
Сондықтан сот жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамалар елдегі заң үстемдігін нығайтып, тұрақты дамуға жол ашады деп есептеймін.



