Жаңа Конституция жобасында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту мәселесіне ерекше мән берілген. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз етудің басты шарты.
Құжатта судьялардың дербестігін арттыру, сот шешімдерінің әділдігі мен ашықтығын күшейту қарастырылған. Мұндай өзгерістер азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған.
Мамандардың пікірінше, тәуелсіз сот жүйесі қалыптасқан мемлекетте қоғам сенімі артып, құқықтық тәртіп нығаяды делінген.



