Жаңа Конституция жобасында сот жүйесін жетілдіру мәселесінің көтерілуі – уақыт талабынан туындаған маңызды шешім деп санаймын. Әділ әрі тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің негізгі тірегі.
Егер сот жүйесі ашық, кәсіби және саяси ықпалдан тәуелсіз болса, азаматтардың заңға деген сенімі артады. Жоба аясында судьялардың жауапкершілігін күшейту, сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру қарастырылуы – оң қадам.
Бұл өзгерістер кез келген даулы мәселені заң шеңберінде әділ шешуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, сот жүйесін жаңғырту – тек құқық қорғау саласын емес, жалпы қоғамның дамуын қамтамасыз ететін фактор.
Заң үстемдігі орныққан жерде тәртіп те, тұрақтылық та болады. Сондықтан жаңа Конституция жобасындағы бұл бағытты толық қолдаймын.



