Есірткі – адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, оның отбасына және тұтас қоғамға кері әсер ететін қауіпті құбылыс.
Құрманғазы ауданында есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы ақпараттандыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жастарды күмәнді ортадан аулақ болуға, бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеуге және бос уақытын пайдалы өткізуге шақырамыз. Есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолы – оның алдын алу және қоғам болып оған жол бермеу.


