Өрт кезінде алғашқы минуттардың маңызы зор. Сондықтан өрт сөндіргіштің қайда орналасқанын білу ғана емес, оны дұрыс пайдалану тәртібін түсіну де маңызды. Кәсіпорындарда, қоғамдық ғимараттарда және көлік құралдарында алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы қауіпсіздік талаптарының бірі.
Өрттің шағын ошағы байқалған жағдайда ғана, адамның қауіпсіздігіне қатер төнбесе, өрт сөндіргішті пайдалануға болады. Ал жалын тез таралып немесе түтін қоюланған жағдайда өз бетінше өрт сөндіруге тырыспай, ғимараттан қауіпсіз жерге шығу қажет.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін алдын ала білу төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Қауіптің алдын алу – оны жоюдан әлдеқайда тиімді.


