Цифрлық технологиялардың дамуы ақпарат алмасуды жеңілдеткенімен, жалған хабарламалардың таралуына да жол ашты. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тексерілмеген ақпараттың тез таралуы қоғам арасында түсінбеушілік пен негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін.
Мамандар қандай да бір маңызды мәліметті бөліспес бұрын оның ресми дереккөзде жарияланғанына көз жеткізуге кеңес береді. Әсіресе төтенше жағдайлар, мемлекеттік шешімдер немесе қаржылық мәселелер туралы ақпаратты тек уәкілетті органдардың ресми хабарламаларынан алған дұрыс.
Ақпараттық мәдениет – қоғамдағы жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Әр азамат жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге өз үлесін қоса алады.

