Үй кілті – тұрғын үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі. Кейбір жағдайларда азаматтар кілтті таныс емес адамдарға немесе сенімсіз тұлғаларға уақытша қалдырып жатады. Мұндай әрекет мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Мамандар үй кілтін бөгде адамдарға бермеуге, жоғалған жағдайда құлыпты ауыстыруға және есіктің сенімді құлыптармен жабдықталғанына көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар кілтті есік маңына немесе оңай табылатын жерге жасырудан бас тартқан жөн.
Тұрғын үй қауіпсіздігі қарапайым сақтық шараларынан басталады. Сондықтан әр азамат өз мүлкінің қорғалуына жауапкершілікпен қарауы қажет.

