ПОЛИЦИЯ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

(0 Votes)
 
«Қауіпсіз үй» және «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында жасөспірімдерге түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруге жол бермеу, интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірілді. 
 
Сонымен қатар оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау және күмәнді интернет ұсыныстарына сенбеу қажеттігі ескертілді. Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT