Полиция бөлімінде Мемлекет басшысының қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қатаң орнықтыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жиын өтті.
Атырау облысы полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Роман Ермұханов Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, құқықтық профилактика бағытындағы өзекті мәселелер мен жаңартылған заңнамалық талаптарды түсіндірді.
Сонымен қатар, жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтармен өзара іс-қимылды арттыру және профилактикалық жұмыстың тиімділігін көтеру бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Негізгі мақсат – қызметкерлер арасында «Заң және тәртіп» қағидатын терең орнықтыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту.

