Жаңа Конституция жобасында Парламенттің өкілеттігін кеңейту мен оның бақылау функцияларын арттыру – саяси жүйені теңгерімді етуге бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын.
Заң шығару органы халықтың мүддесін білдіретін басты институт болғандықтан, оның ықпалы мен жауапкершілігі жоғары болуы тиіс.
Парламенттің Үкімет қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігінің кеңеюі атқарушы биліктің ашықтығын арттырып, шешім қабылдау сапасын жақсартады.
Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтіп, халық сенімін нығайтады.
Сондықтан Парламенттің рөлін арттыру – демократиялық қағидаларды бекіте түсетін, ел дамуына серпін беретін маңызды өзгеріс деп есептеймін.



