Жаңа Конституция жобасында Парламенттің өкілеттігін кеңейту мәселесі ерекше назар аудартады.
Бұл – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтап, заң шығару үдерісін халық мүддесіне барынша жақындатуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.
Парламенттің бақылау функциясын күшейтуі, Үкімет жұмысына ықпал ету тетіктерінің артуы – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.
Мұндай өзгерістер шешім қабылдау процесінің ашық болуына және қоғам пікірінің ескерілуіне жол ашады.
Ойымша, Парламенттің рөлін арттыру – демократиялық қағидаттарды нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты бекемдейді. Бұл еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, тұрақты әрі әділетті қоғам құруға ықпал етеді.



